1 мамыр – Бірлігіміз жарасқан мереке!
Бүгін — еліміздегі ең айтулы мерекелердің бірі. Ортақ шаңырағымыздың астындағы татулық пен сыйластықтың символы болған Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бірлік бар жерде — береке бар. Біздің басты байлығымыз — түрлі ұлт өкілдерінің бір тудың астында, бір мақсат жолында бірігуі. Осы ынтымағымыз әрдайым берік, аспанымыз ашық болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке, елімізге тыныштық тілейміз!