7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған күннің басты мақсаты – жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене белсенділігін арттыру. Іс-шара барысында оқушылар дене жаттығуларын жасап, өздерінің ептілігі мен шапшаңдықтарын көрсетті. Сонымен қатар, денсаулықтың маңызы туралы танымдық әңгімелер жүргізіліп, дұрыс тамақтану мен күн тәртібін сақтау жөнінде пайдалы ақпараттар берілді. Денсаулық – зор байлық!