Ақпарат » «Жиенбет негізгі мектебі»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
«Жиенбет негізгі мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705) 285-49-99
Ұялы телефон:
+7(705) 285-49-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп туралы
08
шілде
2026
Мектеп туралы
Жиенбет негізгі мектебі 2025 жылы салынған  Ғимарат-2 қабатты Ғимараттың жалпы көлемі –3478,6  Құрылыс ауданы –  1619,8 ш/м Мектеп аумағы абаттандырылған және көгалдандырылған. Аумақта білім алушылардың демалысы мен дене белсенділігін ұйымдастыруға арналған серуендеу және ойын алаңдары қарастырылған. Мектеп ғимаратында білім беру қызметін ұйымдастыруға қажетті оқу кабинеттері мен қызметтік бөлмелер орналасқан. Атап айтқанда: математика кабинеті, қазақ тілі кабинеті, тарих-география кабинеті,
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
04
маусым
2026
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
Мемлекеттік рәміздер күніне орай мектеп ұжымы мен білім алушылар салтанатты түрде мектеп ауласында жиналып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады. Іс-шара барысында білім алушыларға мемлекеттік рәміздердің маңызы мен тарихи мәні туралы ақпарат беріліп, патриоттық бағыттағы бейнероликтер түсірілді. Бұл шаралардың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерге құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимн –
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!
01
маусым
2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!
Бүгін балалар мерекесімен қатар, мектебіміз жанындағы «Балбұлақ» жазғы лагерінің ашылу салтанаты салтанатты түрде өтті. Лагерьдің алғашқы күні көтеріңкі көңіл-күйге, қызықты ойындарға, шат күлкі мен жарқын әсерлерге толы болды. Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және достық қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған лагерь өз жұмысын бастады. Барша бүлдіршіндерге шаттыққа толы балалық шақ, зор денсаулық, бақытты күндер және көңілді демалыс
Жайдарлы жазда – құқық бұзушылықсыз демалыс» тақырыбында аудандық диктант
20
мамыр
2026
Жайдарлы жазда – құқық бұзушылықсыз демалыс» тақырыбында аудандық
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2026 жылдың 20 мамыр күні қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ғ.Ж.Оңланбек  8– сынып оқушылары арасында «Жайдарлы жазда – құқық бұзушылықсыз демалыс» тақырыбында аудандық диктант жазғызды.   Мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауға тәрбиелеу. Оқушылар диктант жазу барысында өз білімдерін көрсетіп, белсенділік танытты.
"Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу"
19
мамыр
2026
"Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу"
"Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу" тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ДТІЖО Н.С.Нугыманова мен мектеп медбикесі Т.Исакова жүргізді.  Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) — кене арқылы таралатын қауіпті жұқпалы ауру. Ауру адамға кене шаққанда немесе ауру малдың қанымен жанасқанда жұғуы мүмкін. Аурудың алдын алу жолдары:  Табиғатқа шыққанда: Ашық түсті, жабық киім киіңіз Шалбар балағын шұлықтың ішіне салыңыз Денеге және киімге кене қарсы құралдарды қолданыңыз  Үйге
«Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің қамқорлығы»  АПҚБ
15
мамыр
2026
«Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің қамқорлығы» АПҚБ
Мектебімізде АПҚБ жоспарына сәйкес ата-аналармен бірге өте маңызды тақырыпты талқыладық. «Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің қамқорлығы» атты кездесу тек ақпарат беру емес, бала болашағына деген алаңдаушылық пен жанашырлықты біріктірді. Біз балаға «сақ бол» деп айтумен шектелмей, оған қауіпсіз ортаны қалай жасау керектігін ересектер болып бірлесе қарастырдық. Көшеде, үйде немесе ғаламторда болсын — бала өзін әрқашан қорғалған сезінуі тиіс. Қатысушы ата-аналарға белсенділіктері мен бала
"Соңғы қоңырау" және аттестат тапсыру іс-шаралары кезінде оқушылар арасында құқық бұзушылықтың, жол - көлік оқиғаларының алдын алу, автошерулердің заңсыз екенін түсіндіру.
14
мамыр
2026
"Соңғы қоңырау" және аттестат тапсыру іс-шаралары кезінде оқушылар
14- мамыр күні Жиенбет негізгі мектебінде     мектеп инспекторы КТІЖ полиция капитаны Д.Жандаулетов, ӘБҢ полиция аға лейтенанты И.Мейрхан,ӘБҢ полиция капитаны Б.Мырзақұл    9 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.  Мақсаты: "Соңғы қоңырау" және аттестат тапсыру іс-шаралары кезінде оқушылар арасында құқық бұзушылықтың, жол - көлік оқиғаларының алдын алу, автошерулердің заңсыз екенін түсіндіру. Жиын барысында оқушылар заң талаптарын сақтау, өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі
Құрметті  Ата-аналар!                                          Құрметті бітіруші түлектер назарына!
12
мамыр
2026
Құрметті Ата-аналар!
Құрметті  Ата-аналар!                                          Құрметті бітіруші түлектер назарына!
АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР: БАЛА ЖӘНЕ АШЫҚ ТЕРЕЗЕ!
12
мамыр
2026
АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР: БАЛА ЖӘНЕ АШЫҚ ТЕРЕЗЕ!
Құрметті ата-аналар! Күннің жылынуымен бірге пәтерлердегі терезелер жиі ашылады. Өкінішке орай, бұл кішкентай бүлдіршіндер үшін үлкен қауіп көзіне айналуы мүмкін. Осыған орай, бүгін   «Ашық терезе — балаға қауіп!» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Есіңізде болсын: Москит торы — қорған емес! Ол баланың салмағын көтере алмайды. Баланы терезе алдында жалғыз қалдырмаңыз. Терезеге бала шыға алмайтындай арнайы бекіткіштер (замки) орнатыңыз. Терезе алдындағы жиһаздарды (үстел, орындық)
Ұрпақтар ұмытпайтын ерлік
11
мамыр
2026
Ұрпақтар ұмытпайтын ерлік
9 мамыр Жеңіс күніне орай ауылымыздағы «Ауыл боздақтары» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шара барысында Отан үшін от кешкен, майдан даласынан оралмаған және арамыздан кеткен ардагерлеріміздің рухына тағызым етілді. Ер есімі – ел есінде. Бізге бейбіт күн сыйлаған аталарымыз бен әжелеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, аспанымыз әрдайым ашық болсын!