Мектеп туралы

Мектеп аумағы абаттандырылған және көгалдандырылған. Аумақта білім алушылардың демалысы мен дене белсенділігін ұйымдастыруға арналған серуендеу және ойын алаңдары қарастырылған.
Мектеп ғимаратында білім беру қызметін ұйымдастыруға қажетті оқу кабинеттері мен қызметтік бөлмелер орналасқан. Атап айтқанда: математика кабинеті, қазақ тілі кабинеті, тарих-география кабинеті, биология кабинеті, химия кабинеті, физика кабинеті, информатика кабинеті, шетел тілі – орыс тілі кабинеті, дене шынықтыру залы, көркем еңбек кабинеті, қыздарға арналған шеберхана, ұлдарға арналған шеберхана, мектепалды даярлық тобының кабинеті, бастауыш сыныптарға (1–4 сыныптар) арналған оқу кабинеттері, тәрбие орталығы, мұғалімдер бөлмесі, педагог-психолог кабинеті, директор кабинеті, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының кабинеті, қабылдау бөлмесі, шаруашылық меңгерушісінің кабинеті, медициналық кабинет, асхана, азық-түлік сақтау бөлмесі, екі киім ілетін бөлме, екі киім ауыстыратын бөлме, вахтер бөлмесі, тоғыз дәретхана және қойма бөлмелері бар.
Мектеп бес күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейді. Демалыс күндері – сенбі және жексенбі. Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 18:30-ға дейін.
Оқыту тілі – қазақ тілі.
Мектептегі білім алушылардың жалпы саны – 71 оқушы.
Мақсаты: Білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, олардың шығармашылық қабілетін, функционалдық сауаттылығын дамытып, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Мектепте 5 жас пен 16 жас аралығындағы білім алушылар ,білім алады..
2025-2026 оқу жылында мектепте 9 сынып жұмыс жасап жатыр.
Бүгінгі күнде мектепте 21 педагог, 17 кіші қызметкер жұмыс жасайды.
Мектеп бейнебақылау камераларымен жабдықталған, жалпы саны – 23. Кіре берісте пандус орнатылған. Дабыл түймесі орнатылған. Тактильді жолақша бар.