«Жасыл желекке күтім жаса» — табиғатты аялау өз қолымызда!
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл апта» челленджі аясында мектебімізде игі іс жалғасын тапты. Бүгін мектеп білім алушылары мен ұстаздарымыз бірлесе отырып, «Жасыл желекке күтім жаса» ұранымен мектеп ауласын абаттандыруға атсалысты. Атқарылған жұмыстар: Мектеп ауласындағы тал-дарақтар суарылды; Гүлзарлар арам шөптерден тазартылды; Жас көшеттердің түптері қопсытылды. Бұл шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған