Материалы за Сәуір 2026 года » «Жиенбет негізгі мектебі»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
«Жиенбет негізгі мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705) 285-49-99
Ұялы телефон:
+7(705) 285-49-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сәуір 2026 года
Халық Банкінен 100000 бонус  иегері
30
сәуір
2026
Халық Банкінен 100000 бонус иегері
Наурыз айының қорытындысы бойынша Kundelik.kz платформасын белсенді пайдаланғаны және оқу үлгеріміндегі жоғары жетістіктері үшін мектебіміздің 4-сынып оқушысы Шынтемір Еркежан Халық Банкінен 100000 бонус  иегері атанды Бұл жетістік – білімге деген ұмтылыс пен тынымсыз еңбектің жемісі. Қазақстан бойынша үздік 1000 оқушының қатарынан көріну – үлкен жетістік! Шынтемір Еркежанды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да тек биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз
«Әрқашан күн сөнбесін» челленджі: Аудандық ІІ орын!
30
сәуір
2026
«Әрқашан күн сөнбесін» челленджі: Аудандық ІІ орын!
«Әрқашан күн сөнбесін» челленджі: Аудандық ІІ орын! Мектебіміздің  оқушылары этносаралық татулықты паш етіп, аудан көлемінде үздік атанды. Көрсеткен өнерлеріңіз бен бірліктеріңізге рахмет!  Марапат пен сыйақы құтты болсын! Алда бұдан да биік белестерді бағындыра берейік! 
«Шаңырақ» байқауы
30
сәуір
2026
«Шаңырақ» байқауы
Қуанышты жаңалық! Республикалық «Шаңырақ» байқауының аудандық кезеңінде Жиенбет негізгі мектебінің тәрбиеленушісі Дарханқызы Талшын І дәрежелі дипломмен марапатталды Бұл жетістік – білім мен тәрбиені ұштастыра білген еңбектің, ізденіс пен талпыныстың жарқын нәтижесі Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!
1 мамыр – Бірлігіміз жарасқан мереке!
30
сәуір
2026
1 мамыр – Бірлігіміз жарасқан мереке!
Бүгін — еліміздегі ең айтулы мерекелердің бірі. Ортақ шаңырағымыздың астындағы татулық пен сыйластықтың символы болған Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бірлік бар жерде — береке бар. Біздің басты байлығымыз — түрлі ұлт өкілдерінің бір тудың астында, бір мақсат жолында бірігуі. Осы ынтымағымыз әрдайым берік, аспанымыз ашық болсын!  Әр шаңыраққа бақ-береке, елімізге тыныштық тілейміз!
«ҒАЛАМШАР БОЛАШАҒЫ – БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА»
29
сәуір
2026
«ҒАЛАМШАР БОЛАШАҒЫ – БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА»
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты және «Жас натуралистер станциясы» КММ бірлескен жоспарына сәйкес 2026 жылдың 29 сәуірінде Республикалық экологиялық форум өткізілді.               Форумның мақсаты: Педагогтер арасында табиғатты қорғау бағытындағы озық тәжірибелерді насихаттау, мұғалімдердің экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы кәсіби құзыреттілігін арттыру.            «ҒАЛАМШАР БОЛАШАҒЫ – БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА» тақырыбындағы   РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМДА
Суды үнемде — болашақты сақта!
28
сәуір
2026
Суды үнемде — болашақты сақта!
Бүгін мектебімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Суды үнемде — болашақты сақта» атты ашық сағаттар өтті.  Сабақтың негізгі түйіні: Су — тіршілік көзі. Біз күнделікті тұрмыста суды қалай болса солай жұмсаймыз, бірақ әлемде миллиондаған адам таза ауыз суға зәру екенін ұмытпауымыз керек.  Табиғатты қорғау — өзіңді қорғау! Судың әр тамшысын бағалайық!
**«Таза Қазақстан» акциясы аясында экочеллендж!**
22
сәуір
2026
**«Таза Қазақстан» акциясы аясында экочеллендж!**
Жиенбет негізгі мектебінде 2026 жылдың 22 сәуір күні «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 9-сынып оқушылары арасында **«Түлектердің ағаш егуі»** атты экочеллендж ұйымдастырылды.  Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру және қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу.  Мектеп түлектері өз қолдарымен ағаш көшеттерін отырғызып, болашаққа жасыл мұра қалдыруға атсалысты. Бұл игі бастама табиғатты аялауға, жауапкершілікті
"Заң және тәртіп"
22
сәуір
2026
"Заң және тәртіп"
"Заң және тәртіп" құндылығы аясында 22 сәуірде 8-9 сынып оқушылары "Қылмыссыз ортаны құру-қоғам міндеті" тақырыбында диктант жазу ұйымдастырылды. Жалпы 17 оқушыдан алынды.
«Жасыл желекке күтім жаса» — табиғатты аялау өз қолымызда!
16
сәуір
2026
«Жасыл желекке күтім жаса» — табиғатты аялау өз қолымызда!
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл апта» челленджі аясында мектебімізде игі іс жалғасын тапты. Бүгін мектеп білім алушылары мен ұстаздарымыз бірлесе отырып, «Жасыл желекке күтім жаса» ұранымен мектеп ауласын абаттандыруға атсалысты. Атқарылған жұмыстар: Мектеп ауласындағы тал-дарақтар суарылды; Гүлзарлар арам шөптерден тазартылды; Жас көшеттердің түптері қопсытылды. Бұл шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
09
сәуір
2026
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған күннің басты мақсаты – жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене белсенділігін арттыру. Іс-шара барысында оқушылар дене жаттығуларын жасап, өздерінің ептілігі мен шапшаңдықтарын көрсетті. Сонымен қатар, денсаулықтың маңызы туралы танымдық әңгімелер жүргізіліп, дұрыс тамақтану мен күн тәртібін сақтау жөнінде пайдалы ақпараттар берілді. Денсаулық – зор байлық!