«ЭкоСана» жобасы аясында — «Табиғатқа қамқорлық» қойылымы
«ЭкоСана» жобасы аясында — «Табиғатқа қамқорлық» қойылымы "Жасыл клуб" жұмыс жоспарына сәйкес мектебіміздің 4-сынып оқушылары табиғатты қорғау мен қамқорлық тақырыбын насихаттайтын театрландырылған «Қамқор» қойылымын сәтті қойды. Қойылым барысында балалар табиғатты сүю, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау және экологиялық жауапкершілік туралы маңызды ойларды көрерменге әсерлі жеткізе білді. Жоба мақсаты — өскелең ұрпақтың экосана-сезімін дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру.