ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚ!
Бүгін мектебімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылып, ағаш отырғызу шарасы өтті. Оқушылар мен ұстаздар табиғатты аялау, туған жерге жанашырлықпен қарау мақсатында бірлесіп еңбек етті. Жасыл желек – болашақ ұрпаққа аманат! Табиғатқа деген жанашырлық – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!